«Алтын Орда» маңы кептелістен қашан көз ашады?
«Алтын Орда» маңы кептелістен қашан көз ашады?
Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңындағы автожолды кеңейту жұмыстары 2017 жылдың сәуір айынан бастамлақ. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматы қаласы мен облысқа жасаған жұмыс сапары кезінде тиісті мекеме басшыларына осындай тапсырма берді.
Енді күрделі жөндеу жұмыстары басталса, төрт жолақты автожол он жолаққа дейін кеңейтіледі. Бірнеше жер үсті өткелі мен кері айналатын көпір салынады. Бұл жұмыстарға 10 миллиард теңге жұмсалмақ.
"Алтын Орданың" мәселесі шешіледі. Ішкі екі жолақ транзитті жолаушыларға арналады. Қаладан шыққан машиналар еш бөгелместен батысқа қарай жүре береді. Алматыға кіретін кезде де осындай екі жолақ болады. Ал базарға келушілер оң және сол жақтағы үш жолақты пайдаланады", - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.