«Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру кезінде пакеттерге салынған «Калашников» автоматын, 3 травматикалық газ тапаншасын, автоматқа арналған 76 және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 оқ-дәрі тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады», - деді ІІМ өкілі.Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі («Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны қару-жарақ жасырған (ВИДЕО)

Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны қару-жарақ жасырған (ВИДЕО)
Жамбыл облысындағы Жаңатұрмыс ауылындағы тұрғын үйдің ауласынан жасырылған автомат, газ тапаншалар мен оқ-дәрілер табылды деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың бір бөлігін Жаңатұрмыс ауылынан тапты.