Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар бүлдіршін балалар үйіне ауыстырылды

Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар бүлдіршін балалар үйіне ауыстырылды

Ауруханада жарты жыл жатқан 2 жасар бүлдіршін балалар үйіне ауыстырылды
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Білім басқармасының қорғаншылық орган өкілдері ауруханада жатқан 2 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы айтты деп жазды turkystan.kz. Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Таированың айтуынша, бүлдіршін №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасынан сол қаладағы балалар үйінің біріне ауыстырылған.
«Жарты жылға жуық дәрігерлер мен медбикелердің қарауында болған балақай балалар үйіне тапсырылды. Оның дені сау. Әкесі болуы мүмкін деген азамат сотқа арызданды. Қазір сот шешімін күтіп отырмыз», - деп мәлімдеді Жанна Таирова.
Біз бұған дейін 2 жасар баланың былтырғы қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде жатқанын жазған болатынбыз. Баланың ата-анасы оны ауруханадан алып кетпеген.