50473
Сақтандыру жағдайын реттеуді жеңілдететін еурохаттама тәртібі енгізіледі
Сақтандыру жағдайын реттеуді жеңілдететін еурохаттама тәртібі енгізіледі

Мамандар бұл тетіктің жол-көлік оқиғасы кезіндегі сақтандыру төлемдерін алу барысын барынша жеңілдететініне сенімді деп жазды turkystan.kz.
Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің айтуынша, қазір адам зардап шекпеген жол апаты болған жағдайда көлік жүргізушілері сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясын күтуге міндетті. Хаттамалар рәсімделгеннен кейін сот шешімі шығуы керек. Сөйтіп, бұған 2 айдай уақыт кетіп қалады. Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде барлық құжат жылдам ресімделеді. Яғни, полицияның хаттамасы мен сот шешімін тосудың қажеті жоқ.
Осыған орай, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы заң жобасын әзірлеуге кіріскен. Оған сәйкес, жол-көлік оқиғасы бойынша сақтандыру төлемін жылдам алу тетігі енгізіледі.
Бірақ төмендегідей бірнеше шарт бар:
- екі көлік құралының соқтығысуы;
- жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралдарына ғана зиян келуі (адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау болмау шарт);
- сақтандыру полисінің болуы;
- екі көлік жүргізушісінің өзара келісуі;
- сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (306 мың теңгеден) аспауы.