50545
«Самұрық-Қазына» экс топ-менеджерлерге төлеген соманы жариялаудан бас тартты
«Самұрық-Қазына» экс топ-менеджерлерге төлеген соманы жариялаудан бас тартты

Жыл басында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның бірнеше топ-менеджерлері қызметінен босатылған болатын. Осыған орай, Tengrinews.kz редакциясы ұлттық компанияға бұл топ-менеджерлерге қандай төлем жасалғаны туралы білмек болып, ресми хат жолдаған деп жазды turkystan.kz.
Бірақ, қор басшылығы сұрақтарға нақты жауап берген жоқ. Сонымен қатар, 7 топ-менеджердің жалақысы туралы сұраққа да жауап берілмеді.
«Tengrinews.kz редакциясы сұратқан жұмыстан босатылған және қысқартылған қызметкерлерге қатысты мәлімет ҚР Азаматтық кодексінің 126-бабы 1-тармағына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабына, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР заңының 1-бабы 8-тармағына және «Самұрық-Қазына» АҚ ақпаратты ашу және сақтау қағидаларына сәйкес жария етуге жатпайтын құпия ақпаратқа жататынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 16-тармағының 3-тармақшасы және Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабының 2, 3, 8-тармақтары негізінде қордың бұл ақпаратты жария етуге құқығы жоқ», - делінген қор басшылығы берген жауапта.Бұл жауапқа қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Ғибрат Ауғанов қол қойған.