50382
Ауыр халде жатқан Жириновский жақындарын танымай қалды
Ауыр халде жатқан Жириновский жақындарын танымай қалды

Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскен Владимир Жириновский туыстарын, әріптестерін және дәрігерлерді танымай жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Дәрігерлер аурудың одан әрі дамуын болжай алмай отыр деп хабарлады turkystan.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 9 ақпан күні ол пневмониямен ауруханаға жатқызылған болатын. Өкпесінің бір жағынан 30%, екінші жағынан 50% қабынғаны айтылды. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, бірақ қант диабетінің үдемелі ауруына байланысты емдеу қиын.