50352
Шет елге шығарылған 530 миллион доллар елге қайтарылды
Шет елге шығарылған 530 миллион доллар елге қайтарылды

Бұл туралы Әділет министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде белгілі болды деп жазды turkystan.kz.
«Шет елде 460 миллион АҚШ долларынан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалды. Атап айтқанда, екі дау бойынша 530 миллион елге қайтарылды», - деді вице-министр Азамат Әмірғалиев.Шенеуніктің айтуынша, Әділет министрлігі тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік, ал өнеркәсіптік меншік нысандарына 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілген.
«2021 жылға арналған республикалық бюджеттен министрлікке 53 миллиард теңге бөлініп, ол толығымен игерілді», - деді Азамат Әмірғалиев.