«Қазақстан Президентін қолдау үшін барлық жағдайды жасаймыз» - Путин

«Қазақстан Президентін қолдау үшін барлық жағдайды жасаймыз» - Путин

«Қазақстан Президентін қолдау үшін барлық жағдайды жасаймыз» - Путин
ашық дереккөзі
50157
Мәскеудегі келіссөздерден кейін БАҚ өкілдерімен брифингке шыққан Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты толық қолдайтынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы жағдайды түпкілікті қалыпқа келтіру үшін барлығын жасап жатыр. Біз Қазақстандағы өмірдің тұрақты, тыныш бағытқа оралғанын көріп отырмыз. Қоғам ел басшылығының ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған шараларын толығымен қолдайды. Ал біздің тарапымыздан Қазақстан Президентін қолдау үшін барлық жағдай жасалады», - деді ол.
Бұл ретте Ресей Президенті Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы одан әрі кеңейіп, дами беретініне сенімді.
«Ол үшін барлық объективті жағдайлар бар. Әрине, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі тереңдету перспективалары бүгінгі келіссөздер барысында қарастырған басты тақырыпқа айналды. Біздің елдерімізді дәстүрлі одақтастық және тату көршілік байланыстырады», - деді Владимир Путин.

Серіктес жаңалықтары