«Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтайды. Бала аман-сау. Оған облыстық балалар ауруханасында медициналық көмек көрсетіліп жатыр» делінген Полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Ақтауда жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында 5 жасар баланы қағып кеткен (ВИДЕО)

Ақтауда жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында 5 жасар баланы қағып кеткен (ВИДЕО)
Оқиға 10 ақпанда шаһардың 17-шағынауданында болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды деп жазды turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода Chevrolet Aveo маркалы автокөлік жүргізушісінің «Дукат» тұрғын үй кешені жанында артқа жылжимын деп жаяу жүргіншілер жолында анасымен бірге келе жатқан баланы қағып кеткенін көруге болады.