Оралда автобус жүргізушілері төбелесті (ВИДЕО)
Оралда қоғамдық көлік жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың арасында қандай мәселе туындағанын анықтап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға бүгін таңертең Абай даңғылында, автобус аялдамасы маңында болған. Видео авторының айтуынша, оқиға болған кезде ол жұмысқа бара жатқан.
«Автобус жүргізушілері төбелесті. Қазір жол жүру құны – 80 теңге. Бір жағынан, бұл 80 теңге үшін күрес секілді көрінді», - дейді куәгер.
Полиция департаментінің қызметкерлері қазір тәртіп бұзғандардың іздестіріліп жатқанын айтты.
«Оқиғаға қатысушылар құқық қорғау органдарына жүгінген жоқ. Тәртіп бұзғандар анықталып, жауапкершілікке тартылады», - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі.