«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының азаматтарға қатысты 1000 АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Үш күдікті де кепілмен босатылды», - делінген сот хабарламасында.Ұсталған үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы («Қаржы пирамидасын құру және оны басқару») бойынша күдікті деп танылған. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылулары мүмкін. Еске сала кетсек, бұған дейін Mudarabah capital компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр. Тағы оқи отырыңыз: IIМ әншілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін
Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды

Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды
Сот танымал қазақстандық блогерлер – Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты қамауға алу туралы шешім шығарды, деп жазды turkystan.kz.