Әлихан Смайылов «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болды

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болды
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорларының құрамы жаңарды. Оны Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын болды, деп жазды turkystan.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей:
Әлихан Смайылов – директорлар кеңесінің төрағасы, Премьер-министр;
Роман Скляр – директорлар кеңесінің мүшесі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Тимур Сүлейменов – директорлар кеңесінің мүшесі, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары;
Әлібек Қуантыров – директорлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық экономика министрі;
Қайырбек Өскенбаев – директорлар кеңесінің мүшесі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Жамаубаев – директорлар кеңесінің мүшесі, Қаржы министрі;
Ербол Қарашөкеев – директорлар кеңесінің мүшесі, Ауыл шаруашылығы министрі;
Клаус Мангольд – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Томас Миров – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Филип Йео – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңмен және холдинг жарғысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі жалғыз акционер және директорлар кеңесі холдинг қызметіне басшылық етеді.