50339
Елордада 130 миллион теңгенің биткоинын ұрлаған күдікті ұсталды
Елордада 130 миллион теңгенің биткоинын ұрлаған күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері крипто қылмыс жасап, биткоиндарды қолды қылған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын құрықтады, деп жазды turkystan.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап.
Күдікті алаяқтық жолмен мегаполис тұрғынының онлайн-биржадағы электрон әмиянына қол жеткізген. Сөйтіп, 3 ай бойы жасырын түрде ақшаны өзінің есепшотына аударып отырған.
Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Полиция қызметкерінің айтуынша, соңғы 3 жылда онлайн-биржада криптовалютаға байланысты алаяқтық дерегі 10 есе өскен. Ал залал сомасы жүздеген миллион теңгеге дейін жеткен.