«Аталған факті бойынша Павлодар облысы Полиция департаментінде ӨҚБ қызметтік тергеу жұмысы жүргізілуде», - делінген Павлодар облыстық Полиция департаментіндегілердің жауабында.
Ауыл тұрғынын соққыға жыққан учаскелік полицейдің видеосы тарады

Ауыл тұрғынын соққыға жыққан учаскелік полицейдің видеосы тарады
Оқиға 5 ақпанда Павлодар облысы Ақтоғай ауданында болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға куәгері Ақтоғай ауданы Ақжол ауылының учаскелік полицейі ауылдасын және оның әйелін ұрып-соққаны туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, тәртіп сақшысы мас күйінде қызметтік көлікті тізгіндеген. Сөйтіп, мас күйде көлік басқарған учаскелік полицей өзін тоқтатуға тырысқан тұрғындарға шабуыл жасаған.