50321
Рейтинг бойынша Даниал Ахметов «ең нашар әкім» болды
Рейтинг бойынша Даниал Ахметов «ең нашар әкім» болды

Akimy.kz қосымшасын қолданушылардың айтуынша, «ең нашар әкім» – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. Оған 6 190 адам «төмен қараған бармақ» белгісін басқан, деп жазды turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әзірге көш бастап тұр. Лайк саны – 2 683. Бұл – соңғы бір аптаның қорытындысы.
Еске сала кетсек, Қазақстанда әкімдердің қызметін бағалауға арналған қосымша жақында ғана іске қосылған болатын.