«Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын», - деді Иманғали Тасмағамбетов.Оқи отырыңыз: Иманғали Тасмағамбетов үндеу жасады.
Тасмағамбетовтің әлеуметтік желілерде аккаунт ашқаны рас па?

Тасмағамбетовтің әлеуметтік желілерде аккаунт ашқаны рас па?
Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған парақшаларды көруге болады. Ал бұған мемлекет қайраткерінің қатысы жоқ, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov. Жазылушылар саны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған.
Иманғали Тасмағамбетов бұл аккаунттарға қатысы жоғын айтты.