Екі облыста террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылды

Екі облыста террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылды

Екі облыста террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылды
ашық дереккөзі
50322
Алматы және Жамбыл облыстарында террористік қауіптің жоғары – «қызғылт сары» деңгейі жойылды. Мұндай қауіпсіздік шарасы дүйсенбі, 7 ақпан күні сағат 00.00-ден бастап алынып тасталды, деп жазды turkystan.kz. Облыстық терроризмге қарсы штабтардың өкілдері қос өңірдің тұрғындарына түсіністікпен қарап, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтты. Осылайша, дүйсенбіден бастап арнайы және құқық қорғау органдары қалыпты жұмыс режиміне көшеді. Еске сала кетсек, 26 қаңтарда Алматы облысында қауіптің «қызыл» деңгейі жойылып, террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі енгізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары