244 жыл бұрын Тынық мұхитында батқан кеме АҚШ жағалауынан табылды

244 жыл бұрын Тынық мұхитында батқан кеме АҚШ жағалауынан табылды

244 жыл бұрын Тынық мұхитында батқан кеме АҚШ жағалауынан табылды
ашық дереккөзі
51122
Атақты саяхатшы-зерттеуші әрі картограф Джеймс Куктың Endeavour кемесі Род-Айленд маңынан табылған, деп жазды turkystan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап. Джеймс Кук – ағылшын корольдік қоғамның мүшесі, зерттеуші және әскери-теңіз күштерінің капитаны. Дүниежүзілік мұхитты зерттеу бойынша үш экспедицияны басқарған. Осы экспедициялар кезінде ол бірқатар географиялық жаңалықтарды ашқан. Австралиялық теңіз мұражайының директоры Кевин Сампшеннің айтуынша, кемені америкалық және австралиялық археологтардың бірлескен экспедициясы тапқан.
«Бұл кемені іздестіру жұмыстары 1999 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ соңғы уақытқа дейін археологтар сәтсіздікке ұрынып келді. Алғашында зерттеушілердің бірқатары табылған кеменің шынымен де Endeavour екендігіне күмән келтірді. Бұл туралы нағыз пікірталас болды. Бірақ біз оның капитан Джеймс Куктың кемесі екеніне нық сенімдіміз», - деді мұражай директоры.
Айта кетсек, капитан Джеймс Кук 1768 жылы дәл осы кемемен Тынық мұхитына ұзақ экспедицияға аттанған. 1770 жылы ол Австралияға, содан кейін Жаңа Зеландия жағалауына жетеді. Алайда 8 жылдан кейін ұлыбританиялық флот бұл кемені суға батырған. Ал бір жылдан кейін капитанның өзі қайтыс болады.

Серіктес жаңалықтары