Қазақстандық блогер «Холостяк» шоуына қатысуы мүмкін

Қазақстандық блогер «Холостяк» шоуына қатысуы мүмкін

Қазақстандық блогер «Холостяк» шоуына қатысуы мүмкін
ашық дереккөзі
26 жастағы қазақстандық кәсіпкер әрі әлеуметтік желі жұлдызы Димаш Әділет көрші елдегі танымал «Холостяк» шоуының жаңа маусымының кейіпкері болуы мүмкін, деп жазды turkystan.kz PeopleTalk порталына сілтеме жасап. Басылым өкілдері ұйымдастырушылардың «Холостяк» шоуының форматына өзгерістер енгізгенін және жаңа маусымда екі жігіттің қалыңдық іздейтінін хабарлады. Олардың бірінің аты-жөні белгілі. Ол - кәсіпкер Александр Гранков. Екінші кейіпкердің есімі әзірге ресми түрде аталмады. Бірақ People Talk деректері бойынша, ол блогер және қазақстандық кәсіпкер Димаш Әділет болуы мүмкін. Айта кетсек, бұған дейін Димаш Әділеттің ең жоғары интеллект коэффициентін анықтайтын Mensa халықаралық ұйымының мүшесі болғанын жазған болатынбыз.