Қазақ жігіті әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірді

Қазақ жігіті әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірді

Қазақ жігіті әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына кірді
ашық дереккөзі
23 жастағы Алдияр Семедьяров әлемдегі ең ақылды адамдардың тізімін толықтырып, атақты ұйымның мүшесі атанды, деп жазады turkystan.kz. Алдияр екі ай бұрын Алдияр ресми «IQ» тестін тапсырған. Оффлайн-форматта өткен тест барысында 45 сұрақтан тұратын тапсырмаларды орындауға 20 минут берілді. Бір аптадан кейін «Менса» ассоциациясынан ресми хат келеді. Онда тестілеудің қорытындысы бойынша оның интеллект деңгейі Векслер шкаласы бойынша 135-тен асқаны жазылған. Бұл - әлем халқының 99 пайызының интеллект коэффициентінен жоғары. Осылайша, отандасымыз ақыл-ой деңгейі жоғары адамдардың басын қосатын әйгілі ұйымның мүшесі атанады. ҰБТ-да 124 балл жинап, мектепті «Алтын белгімен» бітірген Алдияр Ақтау қаласында туып-өскен. Назарбаев университетінің түлегі былтыр Швейцарияның «ETH Zurich» институтына «электр инженериясы» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түскен.
«Мектеп мені тәртіпке үйретті және Назарбаев университетінде әрі қарай оқуыма барлық пәндер бойынша мықты негіз берді», – дейді Алдияр Семедьяров.
Айта кетсек, бұл ұйымға қазақстандықтардың арасынан алғаш болып Димаш Әділет енген болатын.