120 жылғы револьвермен адам өлтірмекші болған кәсіпкер ұсталды

120 жылғы револьвермен адам өлтірмекші болған кәсіпкер ұсталды

120 жылғы револьвермен адам өлтірмекші болған кәсіпкер ұсталды
ашық дереккөзі
50352
Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын атып өлтірмекші болған ақмолалық кәсіпкерді қамауға алды, деп жазды turkystan.kz. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 29 қаңтарда Сандықтау аудандық полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшері хабарласып, Нұр-Сұлтан қаласының 55 жастағы тұрғыны оқ жарақатымен жеткізілгенін айтқан.
«Полиция қызметкерлері қолға алған жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталмаған 58 жастағы жеке кәсіпкер болып шықты. Күдіктіден 1895 жылғы үлгідегі «Наган» револьвері мен оқ-дәрі тәркіленді. Бұл қылмысқа екеуі қосылып арақ ішкеннен кейін туындаған жанжал себеп болған. Күдікті қамауға алынды», - деді ведомстводан.
Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі («Адам өлтіруге оқталу»), 287-бабының 3-бөлігі («Қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары