АҚШ Орталық және Шығыс Еуропаға 3 мың әскер жібермек

АҚШ Орталық және Шығыс Еуропаға 3 мың әскер жібермек

АҚШ Орталық және Шығыс Еуропаға 3 мың әскер жібермек
ашық дереккөзі
50204
Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден алдағы күндері НАТО күштеріне қолдау көрсету үшін Орталық және Шығыс Еуропаға қосымша әскер жіберуді жоспарлап отыр, деп жазды turkystan.kz Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Пентагон өкілі Джон Кирбидің айтуынша, қазір Германияда орналасқан мыңға жуық сарбаз Румынияға қайтарылады. Өйткені Ресей Украина шекарасындағы әскери құрамын қысқартуға еш ниет танытпайды. Ал Батыс бұл елге Ресейдің басып кіруінен қауіптенеді.
«Қазіргі кезде Румынияда 900 америкалық сарбаз бар. Алдағы уақытта оларға Франция жіберетін күштер қосылуы тиіс. Құрама Штаттар Франциямен және біздің барлық одақтастарымызбен кеңесуді және үйлестіруді жалғастырады. Бұл күштер орналастыруда бір-бірімізді толықтыру үшін қажет», - деді Кирби.
Сонымен қатар, АҚШ-тың 82-ші әуе-десанттық дивизиясының 2 мың әскері Германия мен Польшаға  жіберіледі. Оның ішінде 1700 адам Польшаға қайтарылады. Ал қалғандары Германиядағы америкалық күштердің әрекетін үйлестіруге көмектеспек. Қазір Польшада 5 мыңға жуық АҚШ әскері бар. Ақ үйден қосымша контингентті уақытша аудару жаңа барлау деректерін алумен байланысты емес екенін атап өтті. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко АҚШ-тың Еуропаға әскер жіберу туралы шешімін сынға алды. Шенеунік бұл әрекеттерді саяси шешімдер үшін өрісті тарылтатын деструктивті қадамдар деп атады.

Серіктес жаңалықтары