Басынан дау арылмаған федерация ұлттық құрама бапкерлерін ауыстырды

Басынан дау арылмаған федерация ұлттық құрама бапкерлерін ауыстырды

Басынан дау арылмаған федерация ұлттық құрама бапкерлерін ауыстырды
ашық дереккөзі
50234
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасының бас бапкерлері тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерлер командасын Смаханов Нұржан Дәуренбекұлы, әйелдер командасын – Сивохин Иван Павлович басқарады.
«Бірінші кезекте Нұржан Дәуренбекұлын және Иван Павловичті тағайындалуымен құттықтағым келеді! Олардың екеуі де жоғары профильді мамандар, құрама командада жұмыс тәжірибесі бар, ең бастысы – нәтижелер бар. Командалар биылғы жаңа жылда бірінші ОЖЖ кірісті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты денсаулық жағдайымен барлық спортшылар толық қатыса алмады, бірақ біз 13 ақпанда басталатын екінші жиынға ұжымдар толық құрамда болады деп үміттенеміз»,- деді ААФ Бас хатшысы Алдияр Нұралинов.
Еске салайық, бұған дейін Федерация ҰОК және Мәдениет және спорт комитетімен келісе отырып, Қазақстанның ұлттық құрамасын екі командаға - ерлер мен әйелдерге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары