«Өткен жылдың желтоқсан айында қоғамдық орындарға 500 және денсаулық сақтау мекемелеріне 2 мыңға жуық камера қойылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жобасы биыл да жалғасады. Сонымен қатар, біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңға өзгеріс енгіздік. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктермен бірлесіп, үй аулаларына «Сергек» бейнебақылау камерасын орнатуды қолға алып жатырмыз. Жоспарға сәйкес аулаларға 7,5 мың бейнебақылау камерасын қоямыз», - деді Ботагөз Қасабек қалалық мәслихаттың отырысында.Аталған жобаны жүзеге асыруға бюджеттен қаражат талап етілмейді.
Елордада «Сергек» камералары көбейеді

Елордада «Сергек» камералары көбейеді
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазірдің өзінде астана аумағына 26 462 бейнебақылау камерасы орнатылған.