«Елорданың «қызыл» аймақта орналасқандығын ескере отырып, критерийлерге сәйкес, балаларды сауықтыру орталықтары, театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер, мейрамханалар, дәмханалар, кинотеатрлар толымдылығы 60%-ға дейін жұмыс істейтін болады», - деп түсіндірді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, қаланың қай эпидемиологиялық аймағында орналасқанына қарамастан, келесі объектілер өз қызметін тек «жасыл мәртебесі» бар келушілер үшін ғана жалғастырады: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни нысандар. Бұл естелік, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты.
Ал «көк» және «жасыл» мәртебесі бар азаматтар келесі объектілерге кіре алады: театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер, ЖОО, колледждер, орта білім беру ұйымдары, қоғамдық тамақтану объектілері.