Тұмаумен ауырудың пайдасы қандай?

Тұмаумен ауырудың пайдасы қандай?

Тұмаумен ауырудың пайдасы қандай?
ашық дереккөзі
639

Тұмаумен ауырғанның да пайдасы бар болып шықты. Ұлыбританиядағы Лид университетінің ғалымдары тұмау вирустарының бауырдағы обыр жасушаларын жоятынын анықтады. Lenta.ru. жариялаған ақпаратқа сүйенсек, ғалдымдардың зерттеу қорытындысы Gut журналында басылған.  

Тыныс алу жолдарына зиянды реовирустар ағзаның иммундық жүйесін оятып, қатерлі жасушаларды жоятыны анықталған. Сонымен қатар, олар бауыр обырының себептерінің бірі болып келетін (гепатоцеллюлярлы карцинома) С гепатитінің вирустарын өлтіретін болып шықты.

Ғалымдар зерттеудің қорытындылары адамдар қатысатын клиникалық сынамаларды өткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеді. Мақала авторларының пікірінше, вирусты иммунотерапия осы уақытқа дейін хирургиялық жолмен ғана күресіп келген гепатоцеллюлярлы карциноманы емдеуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары