50247
Өзбекстан азаматы елордада 9 көлікті заңсыз сатып жіберген
Өзбекстан азаматы елордада 9 көлікті заңсыз сатып жіберген

Нұр-Сұлтанда жалға алынған автокөліктерді сатумен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«21 жастағы шетелдік қысқа мерзім ішінде 9 автомобильді сатып үлгерген. Олардың алтауы тәркіленіп, иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.Полицияның мәліметінше, шетелдік азамат автомобильдерді ұзақ мерзімге жалға алған. Содан кейін оларды үшінші тұлғаларға сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ол ұрлаған басқа көліктерді де іздестіріп жатыр.