Нұр-Сұлтан мен Алматыда ет бағасы өте қымбат болып тұр

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ет бағасы өте қымбат болып тұр

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ет бағасы өте қымбат болып тұр
ашық дереккөзі
51851
Қазақстандағы ет ең қымбат қалалар аталды. Сарапшылардың айтуынша, мал мен құс еті екі ірі қалада едәуір қымбат, деп хабарлады turkystan.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 2022 жылғы қаңтардың аяғында Қазақстанда сүйекті сиыр еті бөлшек саудада келісіне 2 236 теңгеге, қой еті 2 418 теңгеге, жылқы еті 2 603 теңгеге қымбаттаған. Тауық етінің келісі – 1075 теңге. ет Өңірлер арасында жыл басында ет бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтанда едәуір жоғары белгіленген. Елордада сиыр етінің орташа бағасы – 2 506 теңге, қой еті – 2987 теңге, жылқы еті – 3015 теңге болса, тауық етінің келісі 1208 теңгеге жеткен. Алматыда сиыр еті орташа есеппен 2 325 теңгеден, қой еті 2 920 теңгеден, жылқы еті 2 939 теңгеден сатылып жатыр. ет бағасы Сарапшылардың айтуынша, Алматы әкімдігі уәде еткен келісі 2 050 теңге ет іс жүзінде табылмай тұр. Себебі ол сөрелерге шыққан кезде бірнеше сағаттың ішінде сатылып кетеді. Былтыр мал мен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6 пайызға қымбаттаған. Ет бағасы бәрінен бұрын Маңғыстау облысында бірден 14 пайызға артқан. Алматы мен елордада мал мен құс етінің бағасы тиісінше 8 және 8,2 пайызға қымбаттады, ал ең аз өсім Қызылорда облысында (5,4 пайыз) тіркелді.

Серіктес жаңалықтары