ҰҚШҰ әскері Қазақстанда жаттығу өткізетін болды

/
ҰҚШҰ әскері Қазақстанда жаттығу өткізетін болды
ашық дереккөзі
ҰҚШҰ әскері Қазақстанда жаттығу өткізетін болды Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда біз Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында: Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық бойынша іс-шаралардың барлығын дерлік жоспарладық», - деді Анатолий Сидоров.
Оның айтуынша, жаттығулар 2022 жылдың екінші жартыжылдығында өткізілмек.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары