50362
Сарыағаш шаруалары қырыққабат егіп жатыр
Сарыағаш шаруалары қырыққабат егіп жатыр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шаруалары жылына бір алқаптан 3 рет өнім алу жобасын жүзеге асырып келеді. Қазір де жергілікті шаруалар қырыққабат көшетін отырғызу жұмысын бастап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Диқандар қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеп жатыр. Өнім 2 ай көлемінде піседі. Ерте пісетін өнім түріне сұраныс көп болғандықтан, шаруалар осы түсімге ерекше үміт артып отыр.