«Клубқа қош келдіңіз! Иманбек Billions Club-қа қосылды. Бұл оның Roses ремиксі миллиардтан астам рет тыңдалғанын білдіреді. Дәлірек айтсақ, 1,5 миллиардтан да көп», - делінген хабарламада.Қазір тізімде Иманбектің жанында Билли Айлиш, Травис Скотт, Adele және басқа да белгілі әлемдік музыканттар тұр. Бүгінгі таңда Иманбектің Spotify-дағы ай сайынғы аудиториясы 17 миллион тыңдаушыға жетті. Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық DJ Kygo және британиялық әнші Дуа Липа алған болатын.
Миллиард тыңдалым: Иманбек Spotify наградасын алды

Миллиард тыңдалым: Иманбек Spotify наградасын алды
Қазақстандық диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses ремиксінің миллиардтық тыңдалымы үшін Spotify марапатын алды, деп жазды turkystan.kz.
Spotify Russia баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық диджей осы сыйлықты алғаш рет иеленіп отырған ТМД өкілі.