Полицейлер көшеге шыққанның бәріне күш қолданып жатыр ма?

Полицейлер көшеге шыққанның бәріне күш қолданып жатыр ма?

Полицейлер көшеге шыққанның бәріне күш қолданып жатыр ма?
ашық дереккөзі
50289
Интернетте Атырау қаласында «Динамо» спорт залын митингіге қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz stopfake. kz-ке сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар екен-міс. Атырау облысы комендатурасының мәліметінше, бұл ақпарат – фейк.
«Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде «Динамо» спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Атырау облысының Полиция департаменті тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары