«Бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің бірі саналатын біздің облыс үшін, бұл – қуанышты жағдай. Демографиямыз жақсаруда. 2020 жылы өмірге 68 егіз, 1 үшем келген болатын. Ал былтыр 58 егіз және бір үшем туды. Жыл басынан бері 143 сәби дүние есігін ашса, соның 10-ы – егіздер. Аналардың да, балаларының да жағдайлары жақсы», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
СҚО-да он күнде 5 егіз дүниеге келді

СҚО-да он күнде 5 егіз дүниеге келді
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы он күнде бес егіз бала дүние есігін ашты, деп жазды turkystan.kz.
Үстіміздегі жылдың 4 қаңтарынан бастап облыста осымен бесінші егіз дүниеге келіп отыр. Қалған жағдайларда жүкті келіншектер айы-күні жетіп, өмірге дені сау нәрестелерін әкелді.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін перинаталдық орталықта егіз бала дүниеге келді. Мерзімінен бұрын туғандарымен шақалақтардың да, анасының да жағдайлары жақсы.