50207
Ақтауда ер адам 9-қабаттан құлап мерт болды (ВИДЕО)
Ақтауда ер адам 9-қабаттан құлап мерт болды (ВИДЕО)

Қайғылы оқиға 12 қаңтар күні кешкі сағат 22.00-де болған, деп жазды turkystan.kz.
Қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, ер адам 16-шағынаудандағы «Керемет» тұрғын үй кешенінің 9-қабатынан құлаған.
«Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес, Ақтау қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп жазылған полиция хабарламасында.