Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» кеңескенін жасырмады (ВИДЕО)

Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» кеңескенін жасырмады (ВИДЕО)

Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» кеңескенін жасырмады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50834
Алматы қаласының мәслихат депутаты әрі қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген Instagram-дағы парақшасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай болғанын айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Алматыдағы қақтығысқа дейін ол Арманмен жеке таныс болмаған. Ал тәртіпсіздіктер басталған сәтте онымен Тәуелсіздік алаңында танысыпты.
«6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет Тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, провокацияға берілмеуге шақырдық. Арман адамдарды тек бейбітшілік митингке, Үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет!» деп жазды Қайрат Құдайберген.
Осы жағдайдан кейін депутат үйіне қайтып, киім ауыстырып, алаңға қайта шыққан. Желі істен шыққан уақытта намысты жігіттердің басын құрап, митингке шыққандарды содырлардың арандауына түсіп қалмауға шақырғанын жеткізді. Бұл істе оған «Дикий Арман» көмектесіпті. Тағы оқи отырыңыз: «Дикий Арманның» әйелі – қырғыз ұлтының қызы «Дикий Арман» 2 айға қамауға алынды «Дикий Арман» митингке шыққан жігіттің басынан тепкен (ВИДЕО)
«Бауырларыма қоңырау шалып, дружиныға 70-тен аса жігітті жинадым, оларға Азамат Оспанов бауырымның тепсе темір үзетін 30-дай спортшы достары қосылды. Оны естіген Арман бауырымыз жақсылықта басымыз бір болсын деп өзінің жүзден астам жігіттерімен келді. Осы 200-ден астам батырлармен митингте жүрген адамдардың беттерін бұру үшін қайта алаңға шықтық. Алаңда адамдарды сабырлыққа, мейірімділікке, бейбітшілікке шақырған кезде, провокаторлар Арманға бөтелке, таяқ, тас лақтыра бастады. Мені таныған ел басқа жаққа алып кетті, ал Арманды аямай сабады, біреу арттан келіп таспен басын жарды. Одан кейін Арманның жігіттері (оның арасында біздің де еріктілер бар) емханаларды қорғауға алды, тегін азық-түлік таратты, бұзақыларды ұстады. Арманның қандай қылмыстар жасағанын мен білмеймін, бірақ бұл жағдайда өзін ер ретінде көрсетті», - деді ол.
Депутаттың сөзінше, әлдекімдер оған Арманды жақтап сөйлемеуге кеңес берген. Қылмыс әлемінің серкесін жақтаса, депутаттық беделіне нұқсан келтіретінін ескерткен. Алайда Қайрат Құдайберген шындықты ашық айтуды жөн көрген.
«Бұл жазбаны шығармай тұрып маған көп адам хабарласып, «сен депутатсың ғой, ал Арман – «криминальный авторитет», қазір сен оның ОПГ-сында барсың, өзіңе де жала жабады, онымен сөйлесе берме» деп маған ақыл айтқан. Бірақ қазағым «жақсының жақсылығын айт, мейірі тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деп бекер айтпаған. Сол себептен көргенді ешбір қорықпай және саясатты қоспай, ашық айтып отырмын! Намысты, жігерлі қазақтың батырлары көп болғай!» - деп түйіндеді ол сөзін .
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

Серіктес жаңалықтары