50283
Бас прокуратура елдегі қақтығыстардан фото-видеофакті жинайтын сайт ашты
Бас прокуратура елдегі қақтығыстардан фото-видеофакті жинайтын сайт ашты

Енді Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видео және фото материалдарды арнайы сайт арқылы прокуратураға жіберуге болады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты. Бұл сайтта азаматтар биылғы террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады», - делінген Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінде.Сайтта екі функция ғана бар. Алдымен қаланы таңдау керек. Одан кейін фото-видео жүктеледі. Бірден бес файлға дейін жіберуге болады.

«Егер қолыңызда Алматы және басқа да қалалардағы оқиғалар орнында түсірілген (телефоныңызға, видеобақылау камерасына, авторегистраторға жазылған) фото, видео немесе аудио материалдар болса, бізге жіберуіңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.Ал файлдарды жүктеу мүмкін болмай жатса, 115 номеріне хабарласуға болады. Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар арқылы сәйкестендіруді бастап кетті.