«Жалпы, 40 адамға айыппұл салынса, 55 адамға ескерту берілді. 73 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір Шымкентте жағдай тұрақты. Шымкенттіктерді деструктивті топтарға ермеуге шақырамын», - деді комендант, қалалық ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов.Мегаполистің стратегиялық маңызды нысандарына күзет күшейтілген. Ал блокбекеттерде шығу және кіру жолдарында тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп жатыр. Қала шекарасында 7 блокбекет қойылған. Қауіпсіздік қызметкерлері қаладағы тұрақты жағдайға қарамастан күндіз-түні кезекшілік етеді. Тексерістердің нәтижесінде тоғыз адам ұсталып, екі газ тапаншасы тәркіленді. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздік барысында бүлінген 23 кәсіпкерлік нысанның 12-сі қалпына келтірілген. Төрт банкомат, ұялы телефон, киім-кешек дүкендері, тамақтану орындары тоналған. Сондай-ақ, тонаушылар құрылыс нысандарының аумағынан арнайы техника ұрлап, бірнеше автобусты өртеп үлгерген. Бизнеске келтірілген зиянның жалпы сомасы 226 миллион 595 мың теңгеге бағаланып отыр.
Шымкентте ұсталған бүлікшілердің саны 3 520-ға жетті

Шымкентте ұсталған бүлікшілердің саны 3 520-ға жетті
Полиция қызметкерлері 3 520 бүлікшіні ұстады. Олардың 271-і әкімшілік қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz Otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасап.