50271
Бизнеске келтірілген шығын 103,7 млрд теңгеден асты
Бизнеске келтірілген шығын 103,7 млрд теңгеден асты
Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты, деп жазды turkystan.kz «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.
«Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946», - делінген хабарламада.Сондай-ақ, ұлттық Кәсіпкерлер палатасы 12 қаңтардағы жағдай бойынша, елдің 11 өңірінде 1615 бизнес субъекті зардап шеккенін, соның ішінде Алматы қаласында 1506 субъект бүлінгенін мәлімдейді.
«Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге)», - делінген хабарламада.Айта кетейік, төмендегі өңірлерде кәсіпкерлік нысандар зардап шеккен: 1) Алматы қаласы 2) Алматы облысы 3) Шымкент қаласы 4) Жамбыл облысы 5) ШҚО 6) Қызылорда облысы 7) Атырау облысы 8) Қарағанды облысы 9) Павлодар облысы 10) Маңғыстау облысы (қосылған аймақ) 11) Ақтөбе облысы (қосылған аймақ)