51274
Пойыздар кесте бойынша жүріп жатыр
Пойыздар кесте бойынша жүріп жатыр

Ел бойынша жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүреді. Барлық пойыздарға темір жол билеттері қолжетімді. Нұр-Сұлтаннан шығатын жолаушылар үшін темір жол билеттерінің тапшылығы жоқ, деп жазды turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн сайын елордадан басқа қалаларға 30-дан астам пойыз жөнелтіледі. Олардың барлығы да пойыздар кестесі бойынша жүреді. Мәселен, 11 қаңтардағы жағдай бойынша елордадан 42 жолаушылар және қаламаңы пойыздары жолға шықты.
«2022 жылғы 8-11 қаңтар аралығында «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан 12 қосымша пойыз ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам орын ұсынылды. Билеттер туралы толығырақ ақпаратты bilet.railways.kz сайтынан және Кaspi.kz пен «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшаларынан білуге болады», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.