Қуат Хамитовтың анасы ұлын қалай ұстап әкеткенін айтты (ВИДЕО)

Қуат Хамитовтың анасы ұлын қалай ұстап әкеткенін айтты (ВИДЕО)

Қуат Хамитовтың анасы ұлын қалай ұстап әкеткенін айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың қамауға алынғаны белгілі болды, деп жазды turkystan.kz.  Спортшының анасының айтуынша, ұлын сағат 13:15 шамасында ұстап әкеткен.
 «Сағат 13:15 шамасында, мен намаз оқып жатқанда, үйімізге бетперде киген он ОМОН кіріп келді. Баламды тепкілеп, аяқ-қолын байлап, үйден алып кетті. Менің ұлым тіпті оларға қарсылық көрсетпеді», - деді ол.
Оның айтуынша, үйде Қуаттың әкесі мен туысы да болған. Бірақ, оларды қабырғаға тақап, қарумен қорқытқан.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)

Естеріңізде болса, біз бұған дейін тәртіп сақшылары Қуат Хамитовты үйінен ұстап әкеткені жайлы хабарлағанбыз.