«Соңғы кездері жаттығуымды боксқа арнап жүрмін. Шынымды айтсам, бірден ұнады. Жуырда жақсы ұсыныстар түсіп жатса, бокс кешіне шығып қалуым мүмкін. Өзім джиу-джитсу спортымен шұғылдансам да, өздеріңіз байқаған болсаңыздар, айқастарымда мен бокс элементтерін жиі қолданатынмын», - дейді файтер sherdog.com-ға берген сұхбатында.Еске сала кетсек, Соуза UFC 262 турнирінде өзінің отандасы Андре Мунизаға есе жіберген еді. Бұл бразилиялықтың аталмыш лигадағы қатарынан төртінші жеңілісі болды.
Роналду бағын бокста сынап көрмек

Роналду бағын бокста сынап көрмек
Бұдан былай 41 жастағы аралас жекпе-жек өнерінің шебері Роналду Жакаре Соуза жуырда бокста бағын сынауы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.