«Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды», – деп жазылған хабарламада.Күдікті бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатысын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Алматыда ұрланған қару-жарақты 18 жастағы жігіт жасырған

Алматыда ұрланған қару-жарақты 18 жастағы жігіт жасырған Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды Алматы облысының 18 жастағы азаматы жасырған, деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласының комендатурасына сілтеме жасап.