«Жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл - бірнеше жыл бойы алдын-ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені - өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан-анық. ...Ұлттық қауіпсіздік кеңесі уәкілетті орган ретінде бұл іріткіге нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген маңызды қауіпті байқамады», - деді Президент.
«ҰҚК ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті байқамады» – Тоқаев

«ҰҚК ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті байқамады» – Тоқаев
Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестердің шабуылына жол берген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын сынға алды, деп жазды turkystan.kz.