«LRT елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды» - Мемлекет басшысы

«LRT елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды» - Мемлекет басшысы

«LRT елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды» - Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі
50258
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында елордадағы ЛРТ құрылысын сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Көпшілікті, әсіресе елорда тұрғындарын ашуландыратын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы болып отыр. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қазірдің өзінде орасан зор қаражат жұмсалды, қарыздар тартылды, шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісімшарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба бастапқыда-ақ үлкен қателік болды, оны мойындау керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба», - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы енді оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін айтты.
«Себебі, оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары