50306
Елордада бір дүкен өртенді (ВИДЕО)
Елордада бір дүкен өртенді (ВИДЕО)

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Cotton киім-кешек дүкенінен өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Нақты айтқанда, таңертең сағат 08:54-те жергілікті ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел, 19/1 даңғылындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнында жеке құрамнан 22 адам және 4 техника жұмыс істеді», - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД.Өрт 09.22-де сөндірілген. Шығу себебі анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.