50291
Мәжіліс депутаты Үкіметті басқаруға дайын екенін мәлімдеді
Мәжіліс депутаты Үкіметті басқаруға дайын екенін мәлімдеді
Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Премьер-министр болуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ол Atameken business телеарнасында айтты.
«Мен Премьер-министр болуға дайынмын. Біз ұсыныс бергенде әріптесім, Қазақстан халық партиясының депутаты Ирина Смирнова Премьер-министрлікке менің кандидатурамды ұсынды. Басқа партия фракциялары кімді ұсынатынын білмеймін», - деді депутат.Сондай-ақ ол министрлер кабинетінің құрамы 100 пайыз жаңаруы керек деген пікірде.
«Әрине, жұмыс істеп жатқан министрліктер бар. Мысалы, министр Бағдат Мусинді алайық. Ол елде цирфландыру мәселесін шешіп жатыр. Әділет министрі Марат Бекетаев бар. Ол министр қызметінде отырғанына біраз жыл болды. Алайда Бельгияда «Стати» компаниясын жеңіп, шетелде Қазақстанның мүддесін қорғады», - деді депутат.