50387
Кейбір жоспарлы әуерейстердің кестесі өзгерді
Кейбір жоспарлы әуерейстердің кестесі өзгерді

Бүгін елордалық әйежайдағы рейстердің кестесіне өзгеріс енгізіліп, бірқатар рейстің уақыты кейінге шегерілді, деп жазды turkystan.kz.
Атап айтқанда, елордадан бүгін шетелдік әуе компаниялары Дубай, Миниск және Калининградқа барып-келуді қоса алғанда 6 халықаралық рейсті орындауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар астанадан Мәскеу мен Франкфурт қалаларына барып-келу төрт рейсі орындалмайды.
Бұдан бөлек, шетелдік әуе компаниялары Алматы, Ақтау, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Мәскеу, Франкфурт, Баку, Дубай, Шарджа, Минск, Ыстанбұл, Үргенші қалаларынан барып-келуді қоса алғанда 21 рейстің уақытын кейінге шегерді.