50212
Алматыда 20 мың содыр шабуыл жасаған
Алматыда 20 мың содыр шабуыл жасаған
Митинг барысында жиырма мыңға жуық содыр Алматыдағы полиция, сот, морг, жедел жәрдем ғимараттарын шабуылдап, облыс әкімдігінің ғимаратына айтарлықтай зақым келтірген. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Құқық қорғау органдары мен армияның іс-қимылына, сондай-ақ олардың ведомствоаралық үйлесіміне қатысты анықтайтын мәселе көп. Арнаулы жасақтың, арнаулы құрал-жабдықтардың жетіспейтіні белгілі болды. Осы мәселелерді шұғыл түрде шешуіміз керек. Содырлардың терракт жасау туралы жымысқы жоспары мен жасырын дайындығын мемлекет қалайша білмей қалғанын анықтап, түсіну аса маңызды. Тек Алматының өзіне 20 мың содыр шабуыл жасады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.