Елордаға кіретін жолдар жабылды

Елордаға кіретін жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан қаласының сыртындағы жолдар уақытша жабылды. Қазір қала аумағы бойынша 6 блокбекет жұмыс істеп тұр, деп хабарлады turkystan.kz.
Блокбекеттер Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар, Қорғалжын және Астрахан бағыттарында орналасқан.
Еске сала кетсек, елордада түнгі 11.00-ден таңғы 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Шектеу шаралары қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаладағы ахуал тәртіп сақшыларының толық бақылауына алынды.