50370
Барлық әкімдік ғимараттары полиция бақылауына өтті
Барлық әкімдік ғимараттары полиция бақылауына өтті

Еліміздегі барлық әкімдік ғимараттары тәртіп сақшыларының бақылауына өтті, деп жазды turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 70 бақылау-өткізу бекеті бар. Соңғы мәліметке сенсек, 26 қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 18-і жараланған.
«Төтенше жағдай режимі аясында республиканың барлық аумағында іс-шаралар жүргізілуде. Барлық әкімдіктер шерушілерден босатылып, күшейтілген қорғауға алынды», - делінген хабарламада.Алматыда құқық қорғау органдарының күштері, қарулы және оларға қарасты күштер қоғамдық тәртіпті, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғауды, көшелерді тазалауды жалғастырып жатыр.